Қазақстан Республикасының Үкіметімен Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі Кешенді жоспарды бекітті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті мәселелер шешу», жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026 – 2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжат деректерге, цифрлық технологияларға және жасанды интеллект құралдарына негізделген медициналық қызметтердің сапасын бақылау мен басқарудың заманауи моделіне көшуге бағытталған.

Жоспар реттеудің тиімділігін арттыруға, процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге және медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тұрақты жақсартуға бағытталған дәйекті шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

Негізгі мақсат – пациент медициналық қызметтердің сапасын бағалау және бақылау процестерінің белсенді қатысушысы болатын модель құру.

Құжатта жүйені дамытудың төрт стратегиялық бағыты анықталған:

– медициналық қызмет көрсету саласындағы реттеуші құралдарды жаңғырту;

– жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, сапа сараптамасының жаңа моделін қалыптастыру және ұлттық сапа институтын құру;

– кәсіби медициналық қоғамдастық пен пациенттердің рөлін күшейту;

– сапаны басқару жүйесінің цифрлық трансформациясы.

Жоспарды іске асыру медициналық көмектің сапасын реттеудің бірыңғай жүйесін құруға, медициналық ұйымдар жұмысының ашықтығын арттыруға және объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кешенді жоспарды іске асыру 2030 жылға қарай көрсетілетін қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сапаны басқару жүйесін цифрлық трансформациялау жүзеге асырылатын болады, оның ішінде профилактикалық бақылау жүйесін енгізе отырып, сарапшының автоматтандырылған жұмыс орны және лицензиядан кейінгі бақылауды цифрландыру құрылатын болады.

Заңнамалық өзгерістер шеңберінде 2028 жылдан бастап ТМККК/МӘМС жеткізушілерін міндетті аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторингті цифрландыруды енгізу туралы талаптарды бекіту жоспарлануда.

Медициналық ұйымдарды лицензиядан кейінгі мониторингпен қамту 70% жетеді, ал жаңа стандарттар бойынша олардың кемінде 80% аккредиттеледі.

Денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығының базасында Ұлттық сапа институтын құру жоспарлануда, ол әдіснамалық және талдау орталығының функцияларын орындайтын болады.

Институттың қызметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының техникалық қолдауымен сүйемелденетін болады, бұл Қазақстанда үздік тәжірибелерді оқытуды қолдана отырып, пациенттердің қауіпсіздігінің мойындалған әлемдік стандарттарын енгізуге кепілдік береді.

Сонымен қатар, медициналық қоғамдастық пен пациенттердің медициналық көмектің сапасын басқару процестеріндегі рөлін күшейту жоспарлануда. Кәсіби бірлестіктер сапаны тәуелсіз сараптауға және мамандардың клиникалық ойлауын бағалауға тартылатын болады. Сонымен бірге пациенттерді қолдау қызметтерінің қызметін цифрландыру азаматтардың өтініштеріне нақты уақыт режимінде жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелерін толық цифрландыру және 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарлануда.

2028 жылға қарай медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингілеу жағдайларының кемінде 20% жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылатын болады.

Жоспарды іске асыру жүйенің барлық қатысушыларының іс-қимылдарының дәйектілігін қамтамасыз етеді, сапаны басқарудың ашықтығы мен нәтижелілігін арттырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1179739?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді