Республика аумағында «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республика аумағында «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»

жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

 

       Республика аумағында 2026 жылдың наурыз айының 10-13 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

       Аталған жедел-профилактикалық іс-шара аясында, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері, Алакөл аудандық ПБ-нің        ҚҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары, Алакөл аудандық ПБ-нің       ҚҚБ-нің ювеналдық полиция тобының инспекторлары және Алакөл аудандық білім бөлімінің бас маманымен, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған Үшарал қаласы, Еңбекші және Жанама ауылдық округтерінде тұратын, қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді. Іс-шара аясында сотталғандармен және олардың отбасы мүшелерімен жазасын өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзбау, сот жүктеген міндеттерін орындау, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамау сонымен қатар оны бұзғаны үшін жауаптылықтары туралы түсіндіріліп, тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1179559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді