Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары университеттің студенттерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 11.03.2026 жылы облыстың қадағалау органы Солтүстік Қазақстан облысы университетінің студенттерімен  кездесу өткізді.

Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге  есірткі заттарын қолданудың зияны, «жасырын салушылардың» тағдыры, қылмыстардың жекелеген түрлерін жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық, оның ішінде буллинг үшін жауапкершілік туралы тақырыптық бейнероликтерді көрсетумен  түсіндірілді.

Кездесу соңында жаңадан енгізілген «Құқықбұзушылық  профилактикасы туралы» заңның негізгі принциптері түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жастар арасында құқықтық тәрбиені және  мәдениетті нығайту үшін тиімді алаң болып табылады.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда прокурорлар  оқушылармен  кездесулерді жалғастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1179708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді