
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Геопорталдың ақпараттық жүйесі аясында облыстың бірыңғай порталы іске қосылды.
Порталдың негізгі мақсаты — облыс әкімдігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар және бизнес қауымдастығы ұсынатын қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімді әрі тиімді форматта ұсыну.
Бүгінгі таңда портал аясында келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде:
- коммуналдық қызметтерді автоматтандыру;
- зираттарды түгендеу және жерлеу қызметтерін цифрландыру;
- инвесторларға арналған сервистерді дамыту;
- отбасылық зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштерді қабылдау;
- сайлау учаскелерін анықтау қызметі;
- жасыл желектерге қатысты өтініштерді қабылдау;
- экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша субсидиялау қызметтерін автоматтандыру.
Бірыңғай портал — тұрғындар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін заманауи цифрлық алаң.
Облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Аталған қызметтің барлығын тұрғындар келесі сілтеме арқылы пайдалана алады: https://iulytau.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/talap-zhezkazgan/press/news/details/1179655?lang=kk

Жауап қалдыру