
2026 жылғы 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының онкологтары мен радиологтарының Х халықаралық съезі» өтуде. Форум онкология, радиология, ядролық медицина және медициналық физика саласындағы жетекші мамандарды, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Іс-шара онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылауға, инновациялық медициналық технологияларды енгізуге және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Съезд жұмысына Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары қатысты. Өз сөзінде ол ядролық медицинаны дамыту бейбіт ядролық технологияларды қолданудың маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті:
«Ядролық медицина қазіргі заманғы медицинаның ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Ол ядролық физика, радиохимия, радиобиология және клиникалық медицинаның жетістіктерін біріктіреді, бұл онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тәсілдерін өзгертетін молекулалық бейнелеу және тераностика технологияларын енгізуге мүмкіндік береді», – деді Ғ. Серғазин.
Съезд жұмысының шеңберінде ядролық медицинаны дамыту және денсаулық сақтауда ядролық технологияларды қолдануды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Молекулярлық бейнелеудің және радионуклидтік терапияның заманауи әдістері онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау мен емдеудің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ терапияға жеке көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Қазақстанда ядролық медицинаны дамыту атом технологияларын қолдануды кеңейту және денсаулық сақтауды қоса алғанда, әлеуметтік маңызы бар салаларда озық ғылыми жетістіктерді енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге, мамандар даярлауға және ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған өзара іс-қимыл маңызды мәнге ие.
Съезді өткізу ғылыми қоғамдастық, медициналық ұйымдар мен институттар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға жол ашады. Сонымен қатар, Қазақстанда онкологиялық аурулармен күрестің тиімділігін арттыруға және заманауи медициналық технологияларды дамытуға бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге негіз болады.
Анықтама: соңғы жылдары Қазақстанда ядролық медицина инфрақұрылымы үнемі дамып келеді. Елімізде 17 заманауи томографпен жабдықталған 12 ПЭТ-орталық жұмыс істейді, бұл пациенттердің жоғары дәлдіктегі молекулалық диагностикаға қолжетімділігін едәуір кеңейтуге және онкологиялық ауруларды ерте анықтау мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1179521?lang=kk

Жауап қалдыру