«Заң мен тәртіп – балалар көзімен»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Аққулы ауданы аумағында «Айқын нәтиже» жобасы аясында 3–4 сынып оқушыларына арналған «Заң мен тәртіп – балалар көзімен» атты сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Іс-шараларға аудан бойынша 700-ден астам оқушы қатысып, құқықтық тәрбие бағытындағы бастаманың маңыздылығын айқындады.

Кездесулердің негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, заңға құрмет сезімін тәрбиелеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға баулу. Педагогтер балаларға «заң», «тәртіп», «құқық», «міндет» ұғымдарын жас ерекшеліктеріне сай, қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірді.

Сынып сағаттары барысында оқушылар түрлі өмірлік жағдаяттарды талқылап, өз ойларымен бөлісті, тақырыптық ойындар мен шағын пікірталастарға қатысты. Әсіресе мектептегі тәртіп, айналаға құрметпен қарау және жалпы қабылданған мінез-құлық ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға ықпал етіп, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1179552?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді