Заңсыз қоқыспен күрес: Ақтауда бір мезетте 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау және қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Аталған акция шеңберінде Оймаша тұрғын алабында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, бейберекет төгілген қоқыс үйінділерін жою бойынша тиісті шаралар атқарылды.

Тазалық жұмыстарына 80-нен астам қызметкер жұмылдырылып, 4 бірлік арнайы техника тартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Оймаша тұрғын алабы аумағынан шамамен 25–30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылды.

Коммуналдық қызметтер тарапынан қоқыс орындарын тазарту, қалдықтарды уақытылы шығару және аумақтарды ретке келтіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Бұл шаралар қаладағы санитарлық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1179744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді