
2026 жылғы 11 наурыз күні Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында «Жас мамандарға әскери-патриоттық тәрбие беру» тақырыбында семинар-жиын өткізілді.
Іс-шараны Департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Руслан Нұрланұлы Орынбеков ашып, жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Ол жас қызметкерлерге әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ ардагерлердің өмірлік тәжірибесін насихаттаудың маңызы зор екенін атап өтті.
Семинарға арнайы қонақ ретінде Шымкент қаласы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Есебалы Катипұлы Алиев және осы ұйымның ардагері Ербол Еркенұлы Маликов қатысты. Қонақтар Ауған соғысы жылдарындағы бастан өткерген оқиғалары мен өмірлік тәжірибелері туралы айтып, жас мамандарды Отанға адал қызмет етуге, батылдық пен жауапкершілікке шақырды.
Сонымен қатар, психологиялық қызмет және полиграфологиялық зерттеу тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Жанат Оразханқызы Абдукаримова жас қызметкерлердің кәсіби және рухани дамуы, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Жиын барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сұрақтарын қойды.
Іс-шара соңында әскери-патриоттық тәрбие бағытында бірлескен жұмыстарды дамыту, ардагерлермен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1179753?lang=kk

Жауап қалдыру