14 наурыз күні Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылған Көрісу күні мерекесіне қатысып, ауданның ардақты ақсақалдарымен жүздесті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз күні Жағатал ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұйымдастырылған Көрісу күні мерекесіне қатысып, ауданның ардақты ақсақалдарымен жүздесті.
Шара барысында ұлттық дәстүрге сай ақсақалдармен көрісіп, олардың ақ батасын алып, ізгі тілектер айтылды. Көрісу күні – халықтың бірлігін, татулығын және үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше мереке.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз! Елімізге амандық, бірлік пен береке тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1180683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді