
ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыс алу құқығы беріледі, атап айтқанда:
1) жалақысы сақталмайтын демалыс;
2) оқу демалысы;
3) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды)асырап алуға байланысты демалыс;
4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс;
5) бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;
6) жүктілігі бойынша он екі аптаға дейін кемінде үш жұмыс күні мөлшерінде медициналық есепке қоюға арналған демалыс.
Әлеуметтік демалыс-бұл ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скринингтік зерттеулерден өту, балаларды күту, өндірістен қол үзбей білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату. Көрсетілген демалысты беру Жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін атап өткен жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1180006?lang=kk

Жауап қалдыру