Алматыда ҚАЖ қызметіндегі арулар марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні Алматы қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегі қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.

– Құрметті асыл аналар мен аяулы арулар, Сіздердің мереке Табиғат-ана түлей бастайтын тамаша кезеңмен бірге келетін ең мерейлі мереке. Жер бетіндегі барлық жақсылық пен шапағат аналардың жүрегіндегі ізгіліктен нәр алатыны анық. Бүгінгі күн осындай құдіретке ие жандардың шуақты күні. Біздің қылмыстық-атқару жүйесі саласында да жауапты жұмыстың жүгін арқалап жүрген қайсар қыз-келіншектер баршылық. Олардың арасында шаңырақты шуаққа бөлеп жүрген көп балалы аналар да бар. Мерекелеріңіз құтты болсын! -деді салтанатты мерекені құттықтау сөзбен ашқан департамент бастығы Е.Ұзақов.

Мерекелік салтанатта өз қызметтерінде жетістікке жетіп жүрген қыз-келіншектер түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда №72 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы Шынар Құлжанова “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталса, ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы, Шынар Хусайнова Ішкі істер министрінің Алғыс хатына ие болды. Медеу аудандық Пробация бөлімінің аға инспекторы Самал Нұрғалиеваға белгіленген шектен жоғары майор атағы берілді.

Сондай-ақ департамент бастығы Е.Ұзақов бірқатар қызметкер қыз-келіншектердің аналарына Алғыс хат тапсырды. Құшақтары көктем гүліне толған аналар мен арулар мерекелік іс-шара соңында әсем ән тыңдап, көңілдерін көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1180106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді