
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айтбек Нығызбаевтың «Ақселеудің әндері» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Жинаққа жазушы, этнограф-ғалым, композитор Ақселеу Сейдімбектің 1942-2009 жылдар аралығында жазған әндері алғаш рет топтастырылып, ғылыми және ноталық негізде көпшілікке ұсынылды.
Кеш барысында автор кітап жазу тарихымен бөлісті. Қатысушылар жазушының тұлғасы мен шығармашылығы жайлы пікір алмасты.
Іс-шараға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1180695?lang=kk

Жауап қалдыру