Көрісу күні – Амал мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз — Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні ерекше мереке — Көрісу күні атап өтіледі. Бұл күн — жылы жүздесулердің, шынайы амандасулар мен ізгі тілектердің күні.

Осы күні аудандық Мәдениет үйі қонақтарға есігін айқара ашты. Мәдениет үйінің жайлы фойесінде орталық кітапхана, өлкетану музейі, Тілдерді дамыту орталығы және мәдениет бөлімінің қызметкерлері жиналып, бір-бірін мерекемен құттықтап, қол алысып, құшақтасып, жылы лебіздерін білдірді.

Көрісу күні — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бұл күн үлкенге құрмет көрсетіп, туыс-жақындармен, көрші-қолаңмен қауышып, бір-біріне денсаулық, амандық, береке мен молшылық тілеумен ерекшеленеді. Осындай игі дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, адамдарды жақындастырып, татулық пен бірлікті нығайтады.

Мерекелік кездесу жылы әрі достық атмосферада өтті. Қонақтар қызықты ойындар мен викториналарға қатысып, әндер шырқалып, ақжарма тілектер айтылып, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1180985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді