Мемлекеттік қызметшілер арасында діни радикализмнің алдын алу бойынша семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру аясында Департамент Ақмола облысының Дін істері басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға Ақмола облысының Дін істері басқармасының маманы Қошмағамбетов Рүстем қатысып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің ақпараттандыру деңгейін арттыруға және діни радикализмнің алдын алуға бағытталған.

 

Басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі -А.А.Оспанова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1180959?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді