Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы рейд: Абай облысында 700-ден аса құқық бұзушының жолы кесілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп-қатер тобындағы отбасыларды анықтау, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізді.

👮‍♂️Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында барлығы 707 құқықбұзушылық фактісінің жолы кесілді.

Құқықбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылды. Атап айтқанда, 612 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылды. Бұл нұсқамалар құқықбұзушылықтың қайталануына жол бермеу, жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасындағы жанжалдардың алдын алу мақсатында берілді. Қорғау нұсқамасы құқықбұзушыға жәбірленушімен белгілі бір уақыт аралығында байланыс орнатуға, мазалауға немесе қысым көрсетуге тыйым салатын құқықтық құрал болып табылады.

Сонымен қатар, 146 адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленді.
Мұндай талаптар құқықбұзушының әрекеттерін бақылауды күшейтіп, оның қоғамға және отбасы мүшелеріне қауіп төндіру ықтималдығын төмендетуге бағытталған. Ерекше талаптар аясында құқықбұзушыларға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салу, белгілі бір орындарға бармау, тұрғылықты жерін тастап кетпеу немесе жәбірленушімен байланыс жасамау сияқты шектеулер қойылуы мүмкін.

👮‍♂️Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері тек құқықбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын да белсенді түрде жүргізді. Азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдары, отбасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат берілді.

🚨Мұндай профилактикалық іс-шаралар қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қауіп тобындағы отбасыларды тұрақты бақылауда ұстап, тиісті әлеуметтік қызметтермен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1180603?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді