
ҚР Еңбек кодексінің 138-бабының 1-тармағына сәйкес қашықтықтан жұмыс істеу еңбек шарты жасалған кезде де, еңбек шартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, еңбек шартының қолданылу мерзімі ішінде де белгіленеді.
Қашықтықтағы жұмыс қызметкердің де, жұмыс берушінің де бастамасы бойынша белгіленуі мүмкін.
Кодексте қашықтан жұмыс істеуге болатын адамдар шеңбері анықталмағандықтан, мұндай жұмыс тараптардың келісімі бойынша жұмысшылардың кез келген санаты үшін белгіленуі мүмкін.
Қашықтан жұмыс, әдетте, жұмыс пен бала күтімін біріктіретін адамдарға, уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға, шалғай елді мекендерде тұратын адамдарға және т.б. белгіленуі мүмкін.
Қашықтықтан жұмыс істейтін қызметкерлер үшін еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актісінде белгіленген жұмыс уақытының күнделікті ұзақтығына, бақылау ерекшеліктеріне шектеулер сақтала отырып, жұмыс уақытының тұрақты есебі белгіленеді.
Қашықтықта жұмыс істегені үшін еңбекақы қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігі мен сапасына қарай еңбек шартында және жұмыс берушінің актісінде көзделген жұмыс көлемі аяқталғаннан кейін толық көлемде төленеді.
Сонымен қатар, төтенше немесе әскери жағдай енгізілгенде, төтенше жағдай жарияланған кезде немесе карантин сияқты өзге де шектеу шаралары қабылданған жағдайда, сондай-ақ жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де ерекше жағдайларда, жұмыс беруші қашықтан немесе аралас жұмыс режимін уақытша енгізуге құқылы. Бұл ретте қызметкерлердi еңбек мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi жабдықтармен, ақпараттық технология құралдарымен, байланыс қызметтерiмен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ шығындарды өтеу жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/1180000?lang=kk

Жауап қалдыру