«Қазақконцертте» «PAGANINI & BRUCH» концерті өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «PAGANINI & BRUCH» атты концерті өтті.

Іс-шарада халықаралық байқаулардың лауреаты Сағадат Омарғазинге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды.

Құттықтауда музыканттың жоғары орындаушылық шеберлігі, отандық музыкалық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі және халықаралық деңгейде кеңінен танылған жетістіктері ерекше атап өтілген.

«Сахнадағы жарқын орындаушылық өнеріңіз өнерсүйер қауымның зор ықыласына бөленіп, қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосып жүрсіз. Өнеріңіз тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де жоғары бағаланып, ұлттық мәдениетіміздің абыройын асқақтауға қызмет етіп келеді», – делінген хатта.

Музыкалық кеште италиялық әйгілі скрипкашы әрі композитор Никколо Паганинидің скрипка мен оркестрге арналған №1 концерті, «Венециялық карнавал» шығармасы, сондай-ақ Макс Брухтың үш бөлімнен тұратын концерті орындалды.

Кеш солистері – Сағадат Омарғазин мен италиялық скрипкашы Давиде Алонья. Дирижері – Бахытжан Мусаходжаева.

Сағадат Омарғазин – республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Австрияда өткен Бетховен атындағы XIX халықаралық скрипкашылар байқауының жеңімпазы. Давиде Алонья – Еуропаның жетекші музыкалық академияларында жоғары бағаланған италиялық скрипкашы.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1180984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді