Қазақстан БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясында гендерлік теңдікке бейілділігін растады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нью-Йорк, 2026 жылғы 9-11 наурыз – ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 70-ші сессиясының жұмысына қатысты.

Комиссияның жалпы талқылауы барысында Эльвира Азимова гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін құқықтық және институционалдық тетіктерді нығайту, сондай-ақ әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша Қазақстанның тәжірибесін ұсынды. Конституциялық Соттың Төрағасы өз сөзінде орнықты дамудың маңыздылығын, сот төрелігінің рөлін және мемлекеттік саясаттың барлық деңгейлерінде әйелдер құқығын қорғауға кешенді көзқарасты атап өтті.

«Гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық егде жастағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында өткен министрлік дөңгелек үстелге қатысу шеңберінде егде жастағы әйелдерді қолдауға, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға, сондай-ақ құқықтық қорғау мен әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның практикалық бастамаларына назар аударылды.

Комиссияның сессиясы барысында қазақстандық делегацияның сөз сөйлеуі елдің гендерлік теңдік саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға, тәжірибе алмасуға белсенді қатысуға және барлық жастағы әйелдердің, оның ішінде егде жастағы әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаһандық тәжірибелерді ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.

Сонымен қатар сапар аясында Э.Азимова БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесу өткізді. Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығының Орталық Азиядағы орнықты даму және әріптестік үйлестіруді кеңейту бағдарламаларын іске асырудың негізгі хабы ретіндегі рөлін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/1180013?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді