Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қ. Базарбаев мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Е. Нысанбаев бейінді ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастырудың, тәжірибе алмасудың және өңірдің табиғатын сақтауға және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар 22-24 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитті талқылауға егжей-тегжейлі тоқталды.

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қырғыз Республикасының төрағалығымен Бішкек қаласында Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің министрліктері мен ведомстволары басшыларының жетінші кеңесіне Қазақстанның қатысуы талқыланды.

Кездесуде қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты келісім жасасу, гидрометеорологиялық ақпарат алмасу саласындағы өзара іс-қимыл, халықтың экологиялық сауаттылығы мен хабардарлығын арттыру бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу, балалар мен жастарды экологиялық іс-шараларға тарту, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу, І санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәжірибесі мәселелері қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тұрақты экологиялық даму мен табиғатты сақтау бойынша өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1180794?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді