ШҚО-да 6 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да 6 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленді

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іздестіру шараларының нәтижесінде Самар ауданының 24 жастағы тұрғынының есірткі заттарын заңсыз сақтау және тұтыну фактісін анықтады.

Күдіктінің үйі мен аула құрылыстарын жедел тінту кезінде есірткі тұтынуға арналған құрылғы, өсімдік тектес заты бар түйіншек, бетінде қабаты бар металл ыдыс, сондай-ақ өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік массасы салынған капрон қап табылып, тәркіленді.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар — жалпы салмағы 6 келіден астам кептірілген марихуана және салмағы 17 грамм гашиш есірткі құралдары болып танылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО полициясы есірткіні сақтау және тұтыну денсаулық пен өмірге елеулі қауіп төндіретінін, сондай-ақ заң бойынша қатаң жазаланатынын ескертеді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1180789?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді