Сұрақ-жауап

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Слайд-1

Сот шешімімен келіспесеңіз не істеу керек?
Сот актілеріне тек сот тәртібімен ғана шағым беріледі, яғни апелляция немесе кассация арқылы (қай инстанцияның шешімі шағымдалатынына байланысты).
1-қадам 🔹 Апелляция
Егер шешім әлі заңды күшіне енбесе және сіз бірінші инстанция сотының қорытындыларымен келіспесеңіз.
2-қадам 🔹 Кассация
Егер сіз соттар елеулі құқықбұзушылықтарға жол берді деп есептесеңіз, мысалы: дұрыс емес заң нормасы қолданылған немесе іс жүргізу тәртібі сақталмаған, соның салдарынан сот шешімін заңды деп есептеуге болмайтын жағдайлар.
❗️Жаңа немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
❗️Егер бұрын объективті түрде белгілі болуы және ұсынылуы мүмкін болмаған, бірақ іс үшін маңызды болып табылатын фактілер пайда болса.
 
⚖️Заңда тек бұл рәсімдер тікелей көзделген.
 

Слайд-2
 
Сот шешімдеріне шағымдануды тек соттардың өздеріжүзеге асырады, өйткені Қазақстан Республикасында сот билігі — биліктің дербес тармағы.
 
Бұл мынаны білдіреді: министрліктер, әкімдіктер, прокуратура органдары, комитеттер және өзге де мемлекеттік органдар:
🔹 істерді қарауға араласуға құқылы емес
🔹 сот шешімдерін жоюға құқылы емес
🔹 оларды қайта қарамайды және міндетті құқықтық баға бермейді.
 
Осы органдардың кез келген хаттары мен жауаптары соттың бұрын шығарған шешімін өзгерте алмайды.

Слайд-3
 
Неліктен дәл осы тетіктерді пайдалану маңызды?
Өйткені тек солар ғана сот шешімін өзгерте алады.
 
Бұл рәсімдер:
• сот қателіктерін түзетуге бағытталған;
• құқықтарды нақты қорғауды қамтамасыз етеді;
• заңды нәтижеге жеткізеді.
Басқа органдарға жүгіну:
• істі қайта қарау тетігін іске қоспайды;
• шешімнің орындалуын тоқтатпайды;
• құқықты қорғаудың иллюзиясын тудырып, уақытыңызды босқа алады.
 
📌 Қорытынды: мақсат — сот шешіміне ықпал ету болса, жол біреу ғана — сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1180377?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді