Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті» РММ Әдеп жөніндегі уәкілінің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д. Хайруллина департамент ұжымымен және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ ұжымымен диалог алаңы өтті.

Диалог барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Д. Хайруллин тиімді мемлекеттік қызметтің маңызды шарты әрбір мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, мүдделер қақтығысының алдын алуға және реттеуге, сондай-ақ заңдылық, ашықтық және есеп беру қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға жеке жауапкершілігі болып табылатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Диалог алаңы Мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелерін ашық талқылау және профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасу форматында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-ekn/press/news/details/1180755?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді