
2026 жылғы 12 наурызда Успен ауданы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес «Менің педагогикалық инновациям» конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аталған конкурс педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға және білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуге бағытталған.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
🥇 1-орын — Қайыртас Азамат Сейітқалиұлы, А. Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі.
🥈 2-орын — Кусаинова Жұлдыз Темірболатқызы, «Айгөлек» сәбилер бақшасының тәрбиешісі.
🥉 3-орын — Қысырау Нұрсәуле Хасанғалиқызы, «Белоусов жалпы орта білім беру мектебі» КММ мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1180547?lang=kk

Жауап қалдыру