Жаңақала аудандық аумақтық референдум комиссиясының үндеуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті жерлестер!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың №1170 Жарлығына сәйкес, биыл 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша шешім қабылдауға бағытталған республикалық референдум өткізу тағайындалған болатын. Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба? деген сұрақ республикалық референдумға шығарылып отыр. Баршаңызға белгілі болғандай референдум туралы түрлі басылымдардан, теледидар, радио т.б. ақпарат құралдары арқылы естіп, танысып жатырсыздар. Осы жексенбіде өтетін референдумға салғырт қарамауымыз керек. Бұл Референдум — әр азаматтың елдегі өзгерістерге өз пікірін тікелей білдіру мүмкіндігі. Сондықтан бәріміз ақпаратпен танысып, мән беріп, ойланып барып таңдау жасағанымыз дұрыс. Өйткені әр азамат Конституция жобасымен танысып, саналы әрі жауапты шешім қабылдауы тиіс. Референдум – ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды қадам.

Референдум науқаны басталғалы Жаңақала ауданының учаскелік референдум комиссиялары өз жұмыстарын қызу жүргізуде. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» заңдарының талаптарына сай дайындықпен өткізу және заң бұзушылыққа жол бермеу туралы оқыту – үйрету әдістемелік жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша барлық референдум учаскелері толық дайын, комиссия мүшелері біліктілік тестілерін түгел  тапсырды. Референдумға қатысуға шақыртулар тізім бойынша  тұрғындарға жеке үлестірілді. 

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін әкімдіктер тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген және өтініш берген Қазақстан Республикасының азаматтарын енгізіп, учаскелерге заңға сай 20 күн бұрын берді.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде бар екеніңізді 8(71141)21-4-39 нөмеріне Call- орталығына қоңырау шалу арқылы біліңіз. Сондай ақ телеграм бот арқылы да білуге болады.

Азамат референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың бір ғана тізіміне енгізіле алады. Жалпы ауданымыз бойынша 24 референдум учаскесі жұмыс істеуде.

 

                                Құрметті жаңақалалық жерлестер!

 

Тұрғылықты жер бойынша құрылған учаскелерде 2026 жылғы 15 наурыз күні сағат 7.00 ден 20.00 ге дейін референдумға қатысуға шақырамын.

Маңызды саяси шарадан тыс қалмай өз таңдауыңызды жасаңыз! Әркімнің дауысы маңызды!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/1180750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді