Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында бейіндік білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын магистранттар арасында алғашқы құқықтық турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында бейіндік білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын магистранттар арасында алғашқы құқықтық турнир өтті.

Зияткерлік сайысқа 5 команда қатысып, азаматтық-құқықтық пәндер бойынша жоғары теориялық дайындық деңгейін, құқықтық талдау дағдыларын және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау қабілетін көрсетті.

Қазылар алқасының құрамына Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері мен Сот төрелігі академиясының басшылығы кірді.

Турнир бағдарламасы алты кезеңнен тұрды: латын тіліндегі заңи тіркестер мен құқық қағидаттарын білу, құқықтық терминдер, сот төрелігінің тарихы бойынша тапсырмалар, құқықтық казустарды шешу, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерімен жұмыс, сондай-ақ «Заңгер-аудармашы» атты капитандар сайысы.

Турнир қорытындысы бойынша үш команда I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар капитандар сайысының жеңімпазына және құқықтық білімдерімен ерекше көзге түскен магистранттарға грамоталар табысталды.

Қатысушылар турнир өз білімдерін сынауға, құқықтық талдау дағдыларын көрсетуге және жаңа практикалық тәжірибе жинақтауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті.

Ұйымдастырушылар құқықтық турнир Сот төрелігі академиясының игі дәстүріне айналатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1180088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді