14 наурыз – КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «Digital Nauryz» форматында өтетін Наурызнама мерекелік онкүндігі басталды.

Онкүндік 14 наурызда «КӨРІСУ КҮНІ – АМАЛ МЕРЕКЕСІНЕН» бастау алып отыр.

Бұл күні адамдар ерте тұрып, туыстары мен достарын аралап шығады, Наурыз мейрамын қарсы алу осылай басталады. Қол алысып амандасу, жылы құшақтасу – Көрісу күнінің ажырамас бөлігі. Амандасқанда әдетте «Бір жасың құтты болсын!» дейді. Бұл сөзге ұзақ ғұмыр сүрсін деген ақ тілеуі, қыстан аман шығып, бір-бірін көргендегі қуанышы, жаңа жылдың берекелі боларына деген сенімі – бәрі де сыйып тұр. Дәстүр бойынша бұл күні қонақ күтіп, қонаққа барады, жақын туыстарды, көршілерді, әулеттің ақсақалдарын аралап, ізгі тілек, ақ бата айтылады. Бұл мереке – бірліктің белгісі, халықтың ынтымағы мен татулығын, Отанға деген сүйіспеншілігі мен түп бастауларына деген адалдығын білдіреді.

Ашық дереккөздердегі ақпараттар бойынша дайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1181048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді