2026 жылғы ақпан айындағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысының қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы ақпан айындағы жұмыс қорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардан түскен 296 өтінішті қарады, оның ішінде 286 – еңбек қатынастары мәселелері бойынша, 10 – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында еңбек заңнамасының сақталуы бойынша 34 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның барысында 23 бұзушылық анықталды. Оның ішінде:

  • еңбек қатынастары бойынша – 22;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1.

Анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу мақсатында жұмыс берушілерге 20 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 1,7 млн. теңгеге 5 әкімшілік айыппұл салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1180828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді