
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жаңақорған ауданында болып, «Руханият» орталығында аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жорабек Нурымбетов, Нуридин Амитов, Бауыржан Сандыбаев және аудандық коалиция жетекшісі Жарқынбек Ғалымжан , коалиция мүшелері Серхожа Идирисов, Арман Мажитов, Ахметов Аллаберген қатысты.
Кездесуде коалиция мүшелері ауылдық жерлерді дамыту, цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесуде жалпыұлттық коалиция мүшесі Жорабек Нұрымбетов Конституция – мемлекеттің іргетасын қалыптастыратын ең маңызды құжат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін жаңғыртып, қоғамдағы әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Әр кездесуде коалиция мүшелері жаңа Конституцияның қоғам үшін маңызын жан-жақты түсіндіріп, тұрғындардың барлық сұрақтарына нақты жауап берді. Ашық пікір алмасу – халық пен биліктің арасындағы сенімді нығайтып, елдің болашағын бірге жасауға жол ашады. Өйткені мықты мемлекет – азаматтың саналы таңдауы мен еңбегінен тұрады, ал жарқын болашақ – бүгінгі дұрыс шешімдер мен ашық әңгімеден басталады.
Жиын соңында коалиция өкілдері колледж қызметкерлерін ел болашағына бей-жай қарамай, 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1181026?lang=kk

Жауап қалдыру