Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және стратегиялық әріптестікті нығайту сұрақтары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 наурыз, Бейжің – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесу өткізді.

Тараптар стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейін растап, өзара сауданың тұрақты оң динамикасын атап өтті: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд. долл. жетті.

Атап айтқанда, биыл өткізуге жоспарланып отырған ҚР – ҚХР Ынтымақтастық комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің кезекті 14-ші отырысына сапалы дайындық мәселесіне, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аясындағы өзара іс-қимылдар мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар бөлінді.

Ш.Нұрышев қазақ тарапының сапалы отандық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға, өзара сауданы ынталандыра алатын бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ «Қытайға экспорт» бастамасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар ағымдағы жылға жоспарланған бірқатар бірлескен сауда-экономикалық іс-шаралар мен қол қоюға көзделген екіжақты құжаттардың дайындық мәселелерін талқылады.

Анықтама: ҚР ҚМ МКК-нің деректері бойынша, 2025 ж. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 34,1 млрд. долл. құрады (+13,2%). Оның ішінде Қазақстанның Қытайға экспорты – 15,2 млрд. долл. (+2,1%), ал Қазақстанның импорты – 18,9 млрд. долл. (+24,1%).

ҚХР БКБ-ның деректері бойынша, 2025 ж. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд. долл. құрады (+11%). Оның ішінде Қазақстанның Қытайға экспорты – 19 млрд. долл. (+19,3%), ал Қазақстанның импорты – 29,7 млрд. долл. (+6,2%).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beijing/press/news/details/1181050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді