
Ауданымызға қарасты Бадам ауылында кәсіпкерліктің дамуына үлес қосып жүрген жандардың бірі – ауыл тұрғыны Сейдуллаева Насима . Ол 2025 жылы мемлекеттік қолдау аясында берілетін қайтарымсыз грантты жеңіп алып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.
Бүгінде Насима Найзабекқызы Бадам ауылының орталығынан шағын асхана ашып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. Асхана ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі дәмді тағамдар ұсынып, күнделікті ас-ауқат дайындау қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар түрлі жиындар мен шағын шараларға да тапсырыс қабылдап, ауылдағы қажеттіліктерді өтеуге тырысып келеді.
III топ мүгедектігіне қарамастан, Насима Найзабекқызы табандылық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсетіп, кәсіпкерлікке батыл қадам жасады. Оның бұл бастамасы – мүмкіндігі шектеулі жандардың да қоғам өміріне белсенді араласып, өз кәсібін дамыта алатынының айқын дәлелі.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде осындай кәсіпкер азаматтардың қатары артып келеді. Еңбекқор жанның кәсібі алға басып, берекесі арта берсін дейміз.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1181013?lang=kk

Жауап қалдыру