
Бұл – береке мен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні.
«Наурызнама» онкүндігі – халқымыздың бай салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұлықтайтын маңызды кезең. Бұл күндері қоғамда татулық пен ынтымақ дәріптеліп, адамдар бір-біріне ақжарма тілектерін арнайды.
Мереке қарсаңында үлкендерге құрмет көрсетіліп, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, ізгілік пен мейірімділікке ерекше мән беріледі.
Сондай-ақ Наурызнама аясында ұлттық ойындар өткізіліп, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, дәстүрлі тағамдар дайындалады. Бұл – халқымыздың бай мәдениеті мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттайтын мерекелік кезең.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1181044?lang=kk

Жауап қалдыру