
Көрісу күні — Наурыз мерекесі аясындағы ең жылы әрі жанға жақын күндердің бірі. Бұл күн көктемнің келуін, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті және достық байланыстардың нығаюын білдіреді. Осы күні адамдар көшеге шығып, бір-бірімен көрісіп, ақ тілектерін айтып, мерекелік көңіл-күймен бөліседі. Айналамызда бірлік пен қуанышқа толы ерекше атмосфера қалыптасады.
Осы айтулы мерекеге орай Достық үйінде түрлі бағыттағы шығармашылық ұжымдардың басын қосқан мерекелік концерт өтті. Сахнадан әсем әндер шырқалып, билер және музыкалық қойылымдар ұсынылып, көрермендерге нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көрермендер өнерпаздарды жылы қарсы алып, белсенді қолдау көрсетіп, мазмұнды концерттік бағдарламаға дән риза болды.
Кештің ерекше көркі — концертке Инклюзивті Ассамблея өнерпаздарының қатысуы болды. Олардың вокалдық нөмірлері көрермендердің зор қошеметіне бөленіп, шығармашылықтың адамдарды біріктіретінін және кез келген жағдайда таланттың жарқырай алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Концерт жарқын, әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181218?lang=kk

Жауап қалдыру