«Қауіпсіз еңбек» тақырыбындағы семинар-кеңес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 13 наурызында Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Найзабеков  «»Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткізілген «Қауіпсіз еңбек» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысып, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша оқыту жүргізді.

Іс – шара барысында медициналық ұйымдардың жауапты қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормалары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің қауіпсіз өндірістік ортаны құру, нұсқама жүргізу, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру және қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі міндеттеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1181211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді