
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бөлімнің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен бірлесе жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында «102» арнасына түскен шақыртулар бойынша азаматтарға құқықтық және психологиялық тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар тарапынан отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық жанжалдардың туындауына жол бермеу және зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету бағытында кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181075?lang=kk

Жауап қалдыру