
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек елді мекенінде орналасқан «Рауан» ЖШС теңгеріміндегі су ұңғымасын заң талаптарына сәйкес пайдалану мәселесі бойынша көшпелі кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекция басшысының орынбасары Сәдібек Көпжан, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мерей Спабек, аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары Сандыбаев Жұмаділлә, ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі, Су шаруашылығы КММ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, Дербісек ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ елді мекен тұрғындары қатысты.
Жиын барысында қатысушылар су ұңғымасын заң талаптарына сәйкес пайдалану, экологиялық стандарттарды сақтау, сондай-ақ тұрғындарға сапалы ауыз су жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылады. Тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, заң аясында нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, жауапты қызметкерлерге тапсырмалар жүктеліп, жұмыстың барысын қатаң бақылауда ұстау қажеттігі ерекше атап өтілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1180979?lang=kk

Жауап қалдыру