«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы: Бөрлі ауданының мамандары жүлделі болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

11–13 наурыз күндері Алматы қаласында, Абай ұлттық мектебі базасында білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы өтті. Аталған шараны Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және психологиялық қызметтің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Үш күнге созылған конкурс барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, түрлі кезеңдер бойынша сынға түсті.

Аталған республикалық додаға Бөрлі ауданы атынан үш педагог-психолог қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқау қорытындысы бойынша Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің психологі Борамбаева Гүлдерайым Тлепбергенқызы және Бөрлі ауданы Мектептен тыс жұмыс орталығының психологі Талблимова Асель Ерлановна III орынға ие болды.

Сонымен қатар, Ақбұлақ МББК психологі Акдавлетова Айжамал Нурлановна байқауға белсенді қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды.

Бөрлі ауданының педагог-психологтері республикалық деңгейдегі байқауда өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, аудан абыройын асқақтатты.

Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер және кәсіби дамудың биік белестерін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1180915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді