ЮНЕСКО алаңында Қазақстан исламофобияға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау білдірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2026 жылғы 13 наурыз – ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді нығайту және мәдениет пен білімді ілгерілету саласындағы тәжірибесі таныстырылды.

Исламофобияға қарсы күрестің халықаралық күніне (15 наурыз) орайластырылған іс-шараға ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, ЮНЕСКО мен Ислам ынтымақтастық ұйымының өкілдері, сарапшылар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Асқар Абдрахманов өз сөзінде діни төзімсіздікпен күресте халықаралық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Білім беруді, ғылымды, мәдениетті және коммуникацияларды дамыту арқылы бейбітшілікті қолдауға арналған мамандандырылған БҰҰ агенттігі ретінде ЮНЕСКО төзімсіздіктің, нәсілшілдіктің және кемсітушіліктің барлық түрлеріне қарсы тұрудағы күш-жігерінің ажырамас бөлігі ретінде исламофобиямен күресте маңызды рөл атқарады», – деді отандық дипломат.

Осыған байланысты ол іс-шараға қатысушыларға Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің дінаралық және мәдениетаралық диалог үшін тұрақты платформа құрудағы рөлін ерекше атап өтті. Елші Қазақстандағы білім берудің сапасын, қолжетімділігін, цифрландыруын жетілдіру шаралары және азаматтарды әлеуметтік қолдау, соның ішінде Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймақтарынан қайтарылған әйелдер мен балаларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесі туралы айтты. Осы орайда еліміздегі практикалық жұмыс исламофобиямен және төзімсіздікдің басқа да түрлерімен күресудегі кең ауқымды шараларды жүзеге асыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар білім беру мен мәдениеттің қоғамдарында өзара түсіністік пен әртүрлілікті құрметтеуді ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Сол күні кешке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктері тіркелген дипломатиялық корпус пен Ұйымның Хатшылығы үшін бірлесе ауызашар өткізіп, іс-шара аясында өздерінің ұлттық тағамдары мен мәдени мұраларымен бейнематериалдарды таныстырды.

Анықтама: ЮНЕСКО-да өткен «Исламофобиямен күрес: білім, мәдениет және диалог арқылы адам құқықтарын ілгерілету» тақырыбындағы дөңгелек үстел Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін Түркияның бастамасымен өтті. 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 15 наурызды Халықаралық исламофобияға қарсы күрес күні деп белгілеу туралы қарар қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-unesco/press/news/details/1181036?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді