Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: Жалған ақпарат тарату өзгеге ғана емес өзіңе де жасалған қасқандық, жауапкершілікті ұмытпа

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа қатысты елеулі құқықтық және қоғамдық қауіптер туралы хабардар етеді. Қазіргі уақытта көрінеу жалған ақпарат тарату қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін, тұрақтылыққа нұқсан келтіреді және заңмен жауапкершілікке әкеп соғады.

💥Жалған ақпарат – шынайы деректерге сәйкес келмейтін, қасақана немесе бейсаналық түрде таратылатын мәліметтер. Мұндай әрекет тек қоғамдық тәртіпке қауіп төндіріп қана қоймай, оны таратқан тұлғаға да құқықтық салдарға әкеледі.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес:

‼️Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін:

🔹1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу,

сол мөлшерде түзеу жұмыстары,

🔹400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе

1 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған.

Егер бұл әрекет адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қызмет бабын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникация желілері арқылы жасалса:

🔹5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл,

сол мөлшерде түзеу жұмыстары,

🔹2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жаза көзделген.

Көрінеу жалған ақпарат төтенше жағдай, жауынгерлік жағдай, соғыс уақыты кезінде немесе жария іс-шаралар өткізу барысында таратылса, кінәлі адам 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға тартылуы мүмкін.

‼️Азаматтарға ескерту

👮‍♂️Полиция департаменті азаматтарды келесі мәселелерге назар аударуға шақырады:

Ақпаратты тексеру – кез келген хабарламаны ресми және сенімді дереккөздермен салыстыру қажет.

🚨Жалған ақпарат дүрбелең тудыруға немесе қауіпті көрсетуге бағытталуы мүмкін, сондықтан оны бөліспес бұрын шынайылығын тексеріңіз, сенімсіз болсаңыз таратпаңыз.

Құқықтық жауапкершілік – жалған ақпарат тарату ҚР Қылмыстық кодексі бойынша қатаң жазаланады.

Қоғамдық жауапкершілік – ақпаратты абайлап тарату арқылы қоғамдағы сенімділікті сақтау әрбір азаматтың міндеті.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаменті ескертеді:
көрінеу жалған ақпарат тарату – тек өзгелерге ғана емес, өзіңізге де зиян келтіретін қасақана әрекет. Ақпараттық сауаттылық, ресми көздерге сүйену және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау – әрбір азаматтың басты борышы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1180557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді