
🔰 ӘР ДАУЫС – МАҢЫЗДЫ
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Жарылқасын Айтақов референдумға қатысып, өз дауысын берді.
Сондай-ақ, аталған департаменттің қызметкерлері де референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Департамент ұжымы ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда белсенділік танытып, «Әр дауыс – маңызды» қағидасын қолдай отырып, өз таңдауларын жасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1181412?lang=kk

Жауап қалдыру