
SarySai Boutique Hotel қонақтардың Booking.com платформасындағы пікірлері негізінде 9,6 балл жинап, Traveller Review Awards марапатын иеленді. Қонақтар әсіресе жайлы атмосфераны, көркем табиғат көріністерін, дәмді таңғы астарды және қызмет көрсетудің жоғары деңгейін атап өтеді.
Бутик-отель теңіз деңгейінен 1947 метр биіктікте, Шымбұлақ маңындағы таулы аймақта, ұлттық парк аумағында орналасқан. Қонақтарға тау мен өзенге көрінісі бар жеке орналасқан үйлер мен нөмірлер ұсынылады.
Қонақүй аумағында еуропалық және орталықазиялық асхананы ұсынатын SARYSAI COFFEE кофеханасы жұмыс істейді. Сонымен қатар тау шаңғысы аймағына дейін тегін трансфер қарастырылған.
Мұндай марапат қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін көрсетіп, Алматының тау туризмі бағытындағы тартымдылығын арттыра түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/1180242?lang=kk

Жауап қалдыру