«АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ, МЕЙІРІМНІҢ БАСТАУЫ»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ, МЕЙІРІМНІҢ БАСТАУЫ»
Бүгін аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Айтулы мерекеде аудандық мәслихат төрағасы ретінде өзім, аудан әкімі Азат Оралбаевпен бірге ардақты аналар мен ақ жаулықты әжелерді, аяулы апаларымызды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерімізді білдірдік.
Құрметті аналар, асыл әжелер, ардақты апалар!
Сіздерді көктемнің шуағымен бірге келетін ерекше мейрам – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мейірім мен махаббаттың, ізгілік пен жан жылуының символына айналған мереке. Табиғат түлеп, тіршілік жаңаратын осы бір тамаша шақта барша нәзік жандыларға деген құрмет пен ілтипат ерекше сезіледі.
Қазақ халқы қашанда ананы ардақ тұтып, әйел-ананың қадір-қасиетін биік қойған. Халқымыз ананы – отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі, шаңырақтың шырағы деп бағалаған. Ананың ақ сүтімен дарыған мейірім, ақ батасымен берілген тәрбие әр адамның өмір жолына жарық сәуле түсіріп келеді. Сондықтан аналарымыздың даналығы мен ақыл-парасаты қоғамымыздың берік іргетасы болып табылады.
Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген сіздердің еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Ауданымызда түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген кәсіпкер әйелдер, білім мен ғылым саласының ұстаздары, денсаулық сақтау қызметкерлері, мәдениет пен өнердің майталмандары, мемлекеттік қызметшілер және өзге де салалардың мамандары – барлығы да қоғам дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңыз, жауапкершілік пен іскерліктеріңіз көптеген игі бастамалардың жүзеге асуына себеп болып отыр.
Сонымен қатар, сіздер отбасының берекесін келтіріп, ұрпақ тәрбиесінде үлкен жауапкершілікті арқалап келе жатқан жансыздар. Бала тәрбиелеп, ел ертеңін қалыптастырып отырған аналардың еңбегі қашанда құрметке лайық.
Құрметті аналар мен аяулы арулар!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңізге қуаныш ұяласын. Көктемнің жадыраған шуақты күніндей әрдайым жайнап, өмірлеріңіз бақыт пен қуанышқа толы болсын.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін! 🌷
@актуальное

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1179672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді