Ата Заң реформасы – жарқын болашақ кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп ұжымымен Конституциялық реформаның басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды кездесу өтті. Шара барысында жаңа Ата Заң жобасының ел дамуындағы стратегиялық маңызы мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы рөлі жан-жақты сараланды.
Жиын барысында спикерлер Конституциялық өзгерістердің өзегінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мәселесі тұрғанын атап өтті. Реформаның басты мақсаттарының бірі – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, әрбір азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету.
«Жаңа Ата Заң жобасы – бұл тек құқықтық құжат емес, бұл әлеуметтік әділдікті орнатудың және елдің тұрақты дамуына берік негіз қалаудың басты кепілі», – деп атап өтті кездесу ұйымдастырушылары.
Кездесу еркін форматтағы сұрақ-жауап сессиясымен жалғасты. Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімдері мен қызметкерлері реформаның жүзеге асырылу тетіктеріне қатысты көкейкесті сауалдарын қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Ұстаздар қауымы бұл өзгерістердің білім саласы мен келешек ұрпақ тәрбиесіне тигізер оң әсеріне сенім білдірді. Ел тағдырына бейжай қарамайтын ауыл тұрғындары алдағы саяси науқанда белсенділік танытуға дайын екендіктерін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1180562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді