
Атырау облысы аумағында 2-20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – қару айналымы саласындағы заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын ұйымдарда қаруды сақтау, есепке алу, пайдалану және алып жүру тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1179245?lang=kk

Жауап қалдыру