Басқа мемлекеттің аумағында болған ұрыс-қыймылдары ардагерлерінің іс құжаттарын тексеру ісі бойынша отырыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 қыркүйек 2025 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмасын орындау шеңберінде, өзге мемлекеттер аумағында болған ұрыс қимылдарының ардагерлері санының арту себептерін анықтау және жою (осы күнге дейін бұрынғы КСРО және оның шегінен тыс аумақтағы қақтығыстарға қатысушыларға төлемдер жүргізіліп, медициналық қызметтер көрсетілуде. КСРО-ның тарағанына 35 жыл болса да, ардагерлер «жасарып», көбейіп келеді) мәселесіне қатысты, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне ардагерлер санының арту фактілерін, сондай-ақ оларға арнайы мемлекеттік жәрдемақының заңсыз тағайындалу жағдайларын анықтау жөнінде тапсырма келіп түскен болатын.

Министрлік пен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекіткен өзге мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының «жалған ардагерлерін» анықтау жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті. Аталған жоспарға сәйкес “Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей” Маңғыстау облысының Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау реттеу және бақылау комитеті департаментінде Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери комиссариатының мамандарымен бірігіп құрылған комиссиямен Ақтау қаласы,Бейнеу,Мұнайлы аудандары,Жаңаөзен қаласына қарасты “Ауған”,”Ауған-Тәжік” соғыстары,”Таулы Карабах қақтығысы және Чернобыль қаласындағы әскери борышын өтеу кезінде соғыс қимылдарына қатысу барысында ардагер атанғандардың барлық құжаттарын қызу тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-mangystau/press/news/details/1180355?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді