
15 наурыз күні Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Аудан әкімі референдум – әрбір азаматқа өз пікірін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай маңызды науқандарға қатысу – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен азаматтық ұстанымының көрінісі.
Сондай-ақ, аудан басшысы аудан тұрғындарын белсенділік танытып, референдумға қатысып, өз дауысын беруге шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1181496?lang=kk

Жауап қалдыру