Департамент қызметкерлеріне «Алаяқтардың іс әрекеттеріне қалай қарсы тұру туралы» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментінің қызметкерлеріне 11.03.2026ж. Қызылорда облысының Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі  полиция аға лейтенанты Асхат Дәуіржанұлы қоғамда орын алудағы түрлі жағдайлар әсіресе  «Алаяқтардың іс әрекеттеріне қалай  қарсы тұру туралы» тақырыбында құқықтық оқу өткізді.

Құқықтық оқыту барысында құзырлы органның өкілі қатысушыларға танымайтын нөмерден орыс тілінде хабарласса күмәнмен қарауды, ақша көбейтемін деген жарнамаларға сенбеу, банкттік реквизиттерді интернетке енгізбеу, басқа адамдарға бермеу, көрмеген адамға алдын ала төлем жасамау жөнінде ескерту жасап, тақырып бойынша  туындаған сұрақтарға  жан-жақты түсіндірме берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1180467?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді