КЕЛЕС АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНМЕН АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 15 наурыз күні Қазақстан Республикасында республикалық референдум өтуде. Жалпыхалықтық дауыс беруге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі шығарылған.
Дауыс беруге қойылған сұрақ:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Осыған байланысты Келес ауданында барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен салтанатты түрде ашылды. Учаскелерде комиссия мүшелері өз міндеттеріне кірісіп, дауыс беру процесін ұйымдастыруға барлық жағдай жасалды.
Жалпы Келес ауданында 131 093 тұрғын бар. Оның ішінде 69 812 азамат дауыс беру құқығына ие. Ауданда барлығы 61 референдум учаскесі жұмыс істейді.
Референдум учаскелері заң талаптарына сәйкес ашылып, тұрғындарды қабылдауға толық дайын. Дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қарастырылған.
Аудан тұрғындары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға атсалыса алады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1181513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді