Көкпекті аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық бірінші сессиясы 2026 жылғы 18 наурызда сағат 11.00-де, аудандық әкімдік ғимаратында (Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 «а») өтеді. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 10.00–ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 «Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Тұрақты комиссияның отырысы 2026 жылғы 18 наурызда сағат 9.00–де аудандық әкімдік ғимаратында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokpektimaslikhat/press/news/details/1179424?lang=kk

Жауап қалдыру