МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ РЕТІНДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІМ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ РЕТІНДЕ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІМ
Бүгін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес және алдын ала әлеуметтік желілерде жарияланған хабарландыру негізінде аудандық мәслихат төрағасы ретінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым.
Қабылдауға Темірлан және Ынталы ауылдарының тұрғындары келіп, абаттандыру, әлеуметтік көмек алу және қоғамдық жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Қабылдау барысында көтерілген әрбір мәселе мұқият тыңдалып, олардың шешілу жолдары бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында тиісті жұмыстар жүргізілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-пікірлер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті мекемелермен бірлесіп қаралатын болады.
@актуальное

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1179678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді