
Маңғыстау облысы аумағында құқық қорғау органдары күшейтілген қызмет атқару режиміне көшірілді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік нарядтар саны арттырылды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы-ның 1500 әскери қызметшісі жұмылдырылды. Күшейтілген нарядтар көшелерде, адамдар көп жиналатын орындарда және өңірдің жол желісінде қызмет атқарады.
Негізгі назар азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аударылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181398?lang=kk

Жауап қалдыру